Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы
"Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 544 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № ҚР ДСМ-46/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20620 болып тіркелді
|
Қазақстан Республикасы |
Е. Биртанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
"Қазақстан Республикасының |
Осы Қағидалар пациенттер өз бетінше шетелдік медициналық ұйымдарға емделуге барған жағдайларға қолданылмайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет стандартында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Өтініш беруші еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері осы Қағидалардың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 3-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және(немесе) дұрыс емес құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты тұлғасы өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Республикалық денсаулық сақтау ұйымы құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысын шығарады және оны көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.
Көрсетілетін қызметті берушінің маманы Республикалық денсаулық сақтау ұйымының пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы қорытындысын көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде береді.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) көрсетіле отырып, шағымның тіркелуі, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңесінде оның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Көрсетілетін қызметті берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымымен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілген қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Жұмыс органы жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу үшін шетелдік медициналық ұйымдардың тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) келісу және бекіту үшін комиссияға жібереді.
Осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды жүзеге асыру нәтижелері бойынша жұмыс органы комиссияға 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде республикалық денсаулық сақтау ұйымынан алған пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы қорытындыны, сондай-ақ осы Қағиданың 5 және (немесе) 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы жұмыс органының ұсынымын, осы Қағиданың 12-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынады.
Комиссияның ұйымдастыру қызметін комиссия хатшысы қамтамасыз етеді. Комиссия хатшысы комиссия мүшесі болып табылмайды және комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ. Комиссия хатшысының функцияларын уәкілетті органның маманы орындайды.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды. Комиссияның құрамын уәкілетті орган уәкілетті органның өкілдері, жұмыс органының мамандары, бейінді мамандықтар дәрігерлері, түрлі аурулар кезінде азаматтарға көмек көрсету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатарынан қалыптастырады.
Комиссия мүшелері оның қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады. Комиссияның кезекті отырысын комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары белгілейді.
Комиссия хатшысы комиссия отырысына дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын Комиссия мүшелеріне пациентті бюджет қаражаты есебінен шетелге емделуге жіберу туралы шетелдік клиникалар ұсынған емдеу бағдарламасын электрондық пошта арқылы жібереді.
Комиссия отырысы күндіз, сондай-ақ онлайн бейнеконференцбайланыс арқылы (комиссия мүшесі әртүрлі өңірлерде болған жағдайда) өткізіледі.
Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі комиссия отырысына қатысушылардың жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.
Комиссия отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссияның шешімі электрондық нысанда хаттамамен ресімделеді және Комиссияның барлық мүшелері электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе қолдардың түпнұсқаларымен қағаз жеткізгіште қол қояды.
Шетелдік медициналық ұйымда пациентті емдеуді мақұлдау кезінде пациент немесе оның заңды өкілі келесіге қол қояды:
Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымға шарт жасалған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде шарттың жалпы сомасының 70%-нан аспайтын мөлшерде пациентті емдеу бойынша авансты төлейді.
Түпкілікті ақы төлеу шетелдік медициналық ұйым орындалған жұмыстардың қорытынды актісін ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады (еркін нысанда).
Ұзақ мерзімді емдеу кезінде жұмыс органы орындалған жұмыстардың аралық актілері бойынша ақы төлейді.
Кезең-кезеңмен емдеу кезінде пациенттің, сондай-ақ еріп жүретін адамның жол жүруіне ақы төлеуді жұмыс органы жүзеге асырады және комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Кезең-кезеңмен араласуды талап ететін емдеудің әрбір кезеңіне ұзақ мерзімді емдеу кезінде жұмыс органы қосымша келісім жасайды. Қажет болған жағдайда қайта транспланттау пациентіне жаңа шарт жасалады.
Жұмыс органы келісу нәтижелері бойынша шетелдік медициналық ұйым ұсынған медициналық құжаттарды және осы шетелдік клиникада емдеуді жалғастырудың орындылығы туралы қорытындыны Комиссияның қарауына шығарады. Жұмыс органы шетелдік медициналық ұйымды комиссия қабылдаған шешім туралы ол қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
нысан |
|
№ |
Пациенттердің деректері |
|
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
2 |
Туған күні |
|
|
3 |
Мекенжайы |
|
|
4 |
Толық клиникалық диагноз |
|
|
5 |
Қосалқы диагноз |
|
|
6 |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
7 |
Ұсынылатын емдеу (нақты манипуляцияны көрсету) |
|
|
8 |
Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы шешім |
1. Мұқтаж |
|
9 |
Шетелдік мамандарды тарта отырып, пациентті емдеуге жіберу қажеттілігі туралы шешім |
1. Мұқтаж |
|
10 |
Бұл технология Қазақстан Республикасының бірде-бір денсаулық сақтау ұйымында орындалмайтынын растау |
|
|
11 |
Күтілетін емдеу әсері |
|
|
12 |
Ағзалар мен тіндерді транспланттауға жіберілген жағдайда донорлардың болуы/болмауы туралы мәліметтер қоса беріледі |
1. Үлгілеу деректері (қоса беріледі) - иә/жоқ |
|
13 |
Үлгілеу деректері (қоса беріледі) |
иә / жоқ |
|
14 |
Туыс донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) |
иә / жоқ |
|
15 |
Елде донорлардың жоқтығын растайтын деректер (қоса беріледі) |
иә / жоқ |
|
16 |
Халықаралық тіркелімдердегі алдын ала іздестіру деректері (қоса беріледі) |
иә / жоқ |
|
17 |
Қорытындының толтырылған күні |
|
Осы қорытындыға қол қоя отырып, денсаулық сақтау ұйымының басшысы ұсынылған деректердің дұрыстығына жауапты болады
Республикалық денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі /_________/________________/
(қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса)
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
нысан |
|
1 |
2 |
3 |
|
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (ЖАО). |
|
|
2 |
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері |
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру денсаулық сақтау субъектілері арқылы жүзеге асырылады. |
|
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
|
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны |
Қағаз түрінде |
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
осы Ережедегі 1-қосымшаға сәйкес пациентті бюджет қаражаты есебінен шет елге емделуге жіберу туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы. |
|
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - 2015 жылдың 23 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
|
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) еркін нысандағы өтініш; |
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген |
1) жеке тұлға мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау; |
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған. dsm. gov. kz "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімі. |
|
|
|
Қазақстан Республикасының |
||
|
|
жіберу қағидаларына |
||
1. Мидың хирургиялық қол жетімсіз функционалдық маңызы бар салаларында оқшаулануына байланысты емдеудің радиохирургиялық әдісін (гамма-пышақ) талап ететін артериовенозды мальформациялар және ісіктер.
2. Эндоваскулярлық емдеуге арналған бас ми діңі тамырларының, жұлын миының артериовенозды мальформациялары және артериялық аневризмалар.
3. Трансоральді алып тастау үшін бас сүйектің негізінің ісіктері.
4. Радиохирургиялық емдеуді талап ететін көздің қатерлі ісіктері (гамма-пышақ, радиоактивті аппликаторлар).
5. Кератопротездеу.
6. Тіндерді (тіннің бөлігін) немесе ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) транспланттауды талап ететін аурулар, ересектер мен балалардың гемопоэздік дің жасушаларын аутологиялық және туыстық трансплантациялауды қоспағанда, нозологиялардан басқа, бұл әдістеме тәжірибенің болмауына байланысты Қазақстан Республикасында орындалуы мүмкін емес.
7. Көмейдің стеноздары.
8. Трахея стеноздары.
|
|
Қазақстан Республикасының |
1. Көрсетілімдері болған және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған, бірақ емнің оң нәтижесі болмаған 18 жасқа дейінгі балалар.
2. Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік міндеттерін атқару кезінде ауыр жарақат алған және мертіккен, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ұйымдарында диагностика мен емдеудің қолдануға рұқсат етілген барлық әдістері пайдаланылған құқық қорғау органдарының қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қызметшілері.
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
№ |
Пациенттің деректері |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) |
|
|
2 |
ЖСН |
|
|
3 |
Туған күні |
|
|
4 |
Мекен жайы |
|
|
5 |
Толық клиникалық диагноз |
|
|
6 |
Ілеспе диагноз |
|
|
7 |
Жүргізілген емдеу |
|
|
8 |
Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер |
|
|
9 |
Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы |
1. Мұқтаж |
|
10 |
Шетелде медициналық орталықтарда емдеу құны |
1. |
|
2. |
||
|
3. |
||
|
11 |
Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы |
1. Мұқтаж |
|
12 |
Калькуляциямен емдеу бағдарламасы (қоса беріліп отыр) |
|
|
13 |
Ұсынылатын шетелдік медициналық ұйым (ел) |
|
|
14 |
Жолдаудың басымдығы |
|
|
15 |
Алып жүруге мұқтаждығы (себебін көрсету) |
|
|
16 |
Емдеуге жатқызуға жіберу мерзімдері |
|
Жұмыс органының басшысы /____________/___________________________/
(қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса)
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
№ |
Пациенттің деректері |
Ескертпе |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
2 |
ЖСН |
|
|
3 |
Туған күні |
|
|
4 |
Мекен жайы |
|
|
5 |
Толық клиникалық диагноз |
|
|
6 |
Ілеспе диагноз |
|
|
7 |
Жүргізілген емдеу |
|
|
8 |
Жүргізілген зертханалық-диагностикалық зерттеулер |
|
|
9 |
Пациентті шетелге емделуге жіберу қажеттілігі туралы республикалық денсаулық сақтау ұйымының қорытындысы |
1. Мұқтаж |
|
10 |
Отандық клиника (мастер-класс ұйымдастырушысы) |
|
|
11 |
Тартылатын маман туралы мәлімет (ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес қажетті құжаттар тізбесі, шетелдік маманды таңдау туралы негіздеме) |
|
|
12 |
Гонорар құнының калькуляциясы |
|
|
13 |
Оқу бағдарламасы |
|
|
14 |
Емдеу жүргізу мерзімі |
|
|
15 |
Ескертпе |
|
Департамент директоры /___________/____________________/
(қолы) Б.О. (Т.А.Ә. (бар болса)
|
|
Қазақстан Республикасының |
|
|
____________________________ |
Мен, (астынсызу) пациент/заңды өкіл ____________________________________,
(пациенттің/заңды өкілдің тегі, аты, әкесінің аты)
осымен _______ _ _ клиникаға емделуге барумен байланысты барлық ықтимал
тәуекелдерді түсінемін және өзіме қабылдаймын _________________________
(клиниканың атауы)
___________________________________________________________________
(ел, қала, клиниканың мекенжайы)
_____кезеңнен бастап, ______аяқталғанға дейін.
Осымен жұмыс органының мамандары мені (менің баламды) бюджет қаражаты есебінен емдеуге жіберген клиниканың координаттары, рейстер туралы ақпаратты маған жеткізгенін, сондай-ақ бағдарламамен, емдеу түрлері мен шарттарымен ақпараттандырғанын растаймын.
Шетелдік медициналық ұйымда амбулаториялық емдеуде болған (менің балам) кезеңде (менің) тамақтануды, тұруды, дәрілік заттарды, трансфер мен т.б. қоса алғанда, барлық шығыстарды өз қаражатымның есебінен төлеуге міндеттенемін.
Емделуде болатын шетелдік емдеу ұйымының/клиниканың ішкі тәртіп ережелерін (режимін) қатаң сақтауға міндеттенемін.
Қажет болған жағдайда, менің диагнозым туралы, менің ауруымың ауырлық дәрежесі мен сипаты туралы менің туыстарыма, заңды өкілдеріме және үшінші тұлғаларға ақпарат беруге рұқсат етемін.
Елге ұшып шығу бас тартқан жағдайда (__________) электрондық және факсимильді байланыс арқылы (_____________ электрондық мекен-жайға жазып және нөмірлері бойынша қоңырау шалып, жұмыс органын дереу хабардар етуге міндеттенемін:________). Авиабилетті қайтарған және/немесе айырбастаған жағдайда тарифті қолдану ережесіне сәйкес айыппұл сомасын Агенттікке дербес төлеуге міндеттенемін. Жұмыс органының бірінші талап етуі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келгеннен кейін кез келген белгілі тәсілмен және/немесе электрондық мекенжайға медициналық құжаттарды және шетелдік клиникада кешенді медициналық ем алудың барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты (үзінді көшірме) беруге міндеттенемін:
Мен ақпараттандырылған келісімнің мәтінін оқыдым, осы құжаттың мағынасын түсіндім және мақсаты түсінікті екенін растаймын. Осы ақпараттандырылған ерікті келісім медициналық көмек алудың барлық кезеңіне жасалған сәттен бастап жарамды. Мен аталған клиникада маған (менің балама) медициналық араласуға келісімімді беремін.
Мен ережелері маған түсіндірілген осы құжаттың барлық тармақтарымен таныстым (таныстым) және келісемін (келісемін), маған түсінікті және ұсынылған көлемде тексерілуге және емделуге өз еркімен келісімімді беремін.
20___ж. "____" ____________
_________________________/ қолы /
/
|
|
Қазақстан Республикасының |
Мен, ______________________________________________________,
(ата-анасының немесе заңды өкілінің аты-жөні)
тегін фото мен бейнетүсірілімге, сондай-ақ фото мен бейнематериалдарды тек қана мынадай мақсаттарда пайдалануға келісім беремін:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ сайтында орналастыруға;
Медициналық ұйымның жарнамалық бейне және фотоматериалдарында және баспа өнімдерінде орналастыруға.
Мен фонды өзгерту және сапасын жақсарту үшін фото және бейнематериалдарды өңдеу мүмкіндігі туралы хабардар болдым.
Осы келісім ақпаратты сақтау мерзімі ішінде қолданылады.
Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.
/ _____________/________________________/___________ /
Қолы қолды таратып жазу күні
|
|
Қазақстан Республикасының |
Мен, ______________________________________________________,
Қазақстан Республикасының азаматы шетелдік медициналық ұйымда емделуге Қазақстан Республикасының және басқа да республикалардың азаматтарынан ақша жинаудан бас тартуға келісім беремін.
Мен емделу бюджет қаражаты есебінен төленетіні туралы хабардармын.
Мен осындай келісім бере отырып, өз еркіммен және өз мүддеммен әрекет ететінімді растаймын.
/_________________/ _____________________ / ______________ /
Қолы қолды таратып жазу күні
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК






