Терапия бөлімшесі
Терапия бөлімшесі
Терапия бөлімшесінде науқастарды профилактикалық және толық зерттеуге, анық диагноз қоюға, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының асқыну қауіпін анықтап, алдын алуға барлық мүмкіндіктер қарастырылған.
Біздің бөлімшеде қазіргі заманға сай диагностикалық зерттеу мен емдеу әдістерін білетін жоғары дәрежелі дәрігер мен медбикелер қызмет атқарады.
Бөлімше 14 кереуетке лайықталған. Оның ішінде 2 кереует кардиологиялық және неврологиялық реабилитацияға арналған.
Бөлімшенің медбикелермен 100% толықтырылуы науқастарға өз уақытында және тиімді көмек көрсетуге септігін тигізуде. Бөлімшеде 5 медбике қызмет атқарады. Оның ішінде 2-еуі I-категориялы, 3-еуі I I-категориялы медбикелер.
Терапия бөлімшесі орташа есеппен жылына 313 науқасты қабылдайды, терапиялық бейінде-248 науқас, неврологиялық-65науқас.
313 науқас ішінде жүрек-тамыр жүйесі ауруларымен-52%.
Тыныс алу ағзаларының аурулары-25%.
Асқорыту ағзаларының аурулары-12%.
Сүйек-буын жүйесі аурулары-5%.
Эндокринді аурулар-2%.
Зәр шығару жүйесі ағзаларының аурулары-4%.
Науқастар гигиеналық және санитарлық нормаларға толық жауап беретін төрт кереуеттік палаталарға орналастырылады. Бөлімшеде соңғы үлгідегі ем беру үшін қазіргі заманғы толық спектрлі жаңа дәрі-дәрмектер бар. Казіргі заманғы заманауи дәрі-дәрмектер (Арикстра, Тиоктацит, ИАПФ-4 дәрежелі) және заманауи емдеу тәсілдері (Артериалды гипертензияны емдеу; Кардиологиялық науқастарға-тромболизистік терапия).
Бөлімше жоспарлы науқастарды емдеу және жедел медициналық көмек көрсету үшін соңғы үлгідегі аппараттармен және құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Бөлімшеде соңғы үлгідегі мынадай аппараттар бар:
Кардиомонитор, дефибриллятор, дозатор, ЭКГ, небулайзер, қандағы қант құрамын анықтау үшін «акучек», функционалды кереуеттер.








